Президент болғысы келген азамат порносайтқа жарнама жіберіп ұятқа қалды

Грузияның президенттігіне үміткер Зураб Джапаридзе сайлауалды науқанда атышулы порносайтта жарнама жариялаған. Бұл туралы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Гирчи" партиясынан ұсынылған кандидат жарнама сөздерін "Көлемін үлкейтуге уәде бермеймін!" және "Төсек қатынасы көп болса, еркіндік те көп!", - деп жазған.

Джапаридзе бұл әрекетін қалыпты "кәсіптік шешім" деп түсіндірді.

Сондай-ақ, ол жарнама төрт сағаттың ішінде 40 мың қаралым жинағанын айтты.

"Грузияда бір қолданушы бұл сайтта 8-9 минутын өткізеді. Осы уақытта кез келген адам менің жарнамамды көре алады. Бұл телевизиялық және көшедегі жарнамаларға қарағанда әлдеқайда ұтымды деп ойлаймын" , -деді саясаткер.

Грузия президентінің сайлауы 28 қазан күні өтеді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір