Оңтүстік Африкада ойда жоқта қар жауып кетті

Оңтүстік Африка Республикасында орналасқан қорықта ойда жоқта қар жауып кетті. Бұл жануарлардың тіршілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп хабарлайды ysia.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желіде ағаштағы қарлардың қасында жүрген пілдер мен жирафтардың суреті тарап кетті.

Синоптиктердің айтуынша, бұл суық ауа-райы Африкаға Еуропадан келген болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында Еуропа елдеріндегі ыстық ауа-райы суық пен қарға ұласып кеткен болатын.

Нақтырақ айтсақ, сол уақытта Австрия, Германия, Швейцария мен Италия елдерінде таудағы қарлар 40-50 сантиметрге дейін барған еді.

Шілдеде қар Оңтүстік Африканың Кейптаун орналасқан оңтүстік-батыс жағалауына жауған еді. 10 сантиметрді құрайтын қар алғашында тұрғындардың таңданысын тудырып, кейіннен қала көшелері лас суға айналып кетті.

Осы жағдайдың салдарынан қалада көлік кептелісі де орын алған.

Тағы да оқыңыздар

Пікір