Меруерт Түсіпбаева елге көпқабатты зәулім үйін көрсетті (видео)

Меруерт Түсіпбаева елге өз күшімен салып бітірген көпқабатты зәулім үйін көрсетті. Әнші бұл тұрғын үйді сатылымға шығарды деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы эстрада әншісі өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлайды. Ол арнайы видео түсіріп, үйін елге көрсетті.

"Абай атам "Есектің артын жусаң да, мал тап", - деген. Өмірімде бірінші рет өнерден басқа кәсіппен айналыстым. Енді 4 үйді сату керек. Бүгін, сәрсенбінің сәтті күніндегі жаңалығым - осы
Арманым үй салу еді. Мен ол арманыма жеттім", - деп жазды әнші Facebook парақшасына.

Әншінің оқырмандары оған ізгі тілектерін жаудырып, жалғызбасты ананың қайсарлығына таң қалысты.

Тағы да оқыңыздар

Пікір