Қызы ауыр дертке шалдыққан ана амалсыздан оның аяғын кестірді

Британиялық Самера Томлинсон амалсыздан үш жасар қызының аяғын кестіруге рұқсат берген. Марни есімді бүлдіршін ағзадағы қатерлі ісікті тудыратын бірінші топтағы нейрофиброматозбен ауырады екен деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған

Марниге бір жас 10 ай болғанда ота жасалған. Сол кезде сәбидің аяғына имплант қойылғанымен, ары қарай сіңісіп кете алмапты.

"Ол қанша қалап тұрса да, туған күнінде біз Маринді батутқа апара алмадық. Ол көп нәрседен қалып қойды, ары қарай дәл осылай жалғаса бергенін қаламаймын",- дейді Самера.

Дәрігерлердің кеңесіне құлақ салған Самера қызының ауру аяғын кесіп, орнына жасанды аяқ салдыруға бел буған.

Ол қызының белсенді өмір сүруіне осылай көмек бергісі келетінін айтыпты.

"Қазір Марни кішкентай. Бәріне үйреніп кетеді. Сол үшін қазір істеген дұрыс" ,- деді Томлинсон.

Тағы да оқыңыздар