Теміртауда екі жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

Теміртау қаласында 2 жасар ұл бала 6 қабатты үйдің терезесінен құлап, аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді деп хабарлайды NUR.KZ. тілшісі.

Төтенше жағдай қаланың алтыншы ықшам ауданында орын алды.

2016 жылы туылған ұл бала үйде өзінен үлкен балалармен бірге қалған. Ол терезенің алдына шығып, москитті торға бар салмағымен сүйеніп, 6-шы қабаттың терезесінен құлап кеткен.

"Бала жан сақтау бөлімінде. Қолымыздан келгеннің бәрін істеп жатырмыз", - деді қалалық орталық аурухананың дәрігерлері.

Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Москитті торлар бір қарағанда қауіпсіз көрінгенмен өте қатерлі.

Олар терезеге мықтап бекітілмеген, сәл күш салса, терезеде жақтауынан шығып кетеді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір