Ақтауда пәтерден 16 жастағы жігіттің өлі денесі табылды

Ақтаудың тоғызыншы шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінен 16 жастағы жігіттің жансыз денесі табылды деп хабарлайды "Ладаға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жас жігіттің денесі анықталғаны туралы хабар жедел жәрдемге 15 қазан күні кешкі уақытта келіп түскен. Дәрігерлер бригадасы бірден оқиға орнына жөнелді.

Алайда, олардың жылдам келгеніне қарамастан екінші қабаттағы пәтерден табылған жігіттің жүрегі тоқтап қалған.

16 жастағы жеткіншектің өлімінің себеп-салдары анықталып жатыр. Ол туралы алдағы уақытта хабарлайтын болады.

Тағы да оқыңыздар

Пікір