RU

Әлеуметтік желіде көп отыратын адамдар күйзеліске түсетін болып шықты

Автор:

Америкадағы Пенсильвания университетінің психологтары Facebook, Instagram және басқа да әлеуметтік желілер жалғыздық сезімін өршітіп, ауыр күйзеліске ұшыратуы мүмкін екенін айтуда. Зерттеу нәтижесі Journal of Social and Clinical Psycholog журналында жарияланған деп хабарлайды МИР 24 арнасы.

Көрнекі фото: macdigger.ru

Ғалымдар тәжірибеге Facebook, Snapchat және Instagram желілерін белсенді түрде қолданатын 143 студентті қатыстырып көрген.

Олар зерттеуге дейін өз сезімдері мен көңіл-күйлерін сипаттап береді. Сондай-ақ, қатысушылардың желіде қанша сағат отыратыны да жіті тексерілген.

Үш аптадан кейін анықталғандай, әлеуметтік желіде отырған уақыт адамда тікелей жалғыздық сезімін оятып, күйзелісін арттырады екен.

Ал оны барынша аз қолданған топ мүшелері өздерін бірқалыпты ұстап, қоғамда белсенділік танытыпты.

"Адам әлеуметтік желідегі өзге біреудің өмірін бақылап отырғанда, өзінен басқалардың барлығы тамаша күн кешіп жүргендей көрінеді", - дейді зерттеу тобының жетекшісі Мелисса Хант.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде