Жалаңаш төсіне қазақтың ұлттық әшекейін таққан бойжеткенді эфирде сөгіп тастады (видео)

Қазақтың ұлттық әшекейлерін тағып, желіге жалаңаш суреттерін жүктеген Шырын Нарчаева шешінуден ұялмайтынын айтты. Бұл туралы 18 жастағы бойжеткен "Өз ойым" бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қос қолымен төсін ғана жауып, ұлттық бұйымдармен суретке түскен қазақ қызы халықтың ашуына тиген еді.

Артынша ару NUR.KZ тілшісіне өз әрекетін анасы қолдайтынын, бұл ісі үшін еш ұялмайтынын айтып, халыққа тереңірек ойлануға кеңес берген болатын.

Таяуда ғана "Өз ойым" бағдарламасына қонаққа келген қыз тікелей эфирде осы сөздерін қайталап, өз әрекеті үшін ұялмайтынын айтты.

"Бұл мен үшін барлығы ойлайтындай ұят емес. Мен үшін бұл эстетикалық тұрғыда әдемі десем болады. Бір жыл бұрын мен бьюти видео-фото түсірдім. Мен негізі мүлде хиджаб кимеймін. Бұл жай ғана мойынорағыш", -деді ол.

Ал қазақ ұлты мен оның болашағы үшін шырылдаған "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Бердах Бекетов Нарчаеваны аяусыз сынның астына алып, нағыз қазақ қызының қандай болу қажеттігін түсіндірді.

"Қазір шешінгендердің барлығы блогер болып кетті. Байзақова да өзін блогермін деп кетті ғой. Қазақтың ешқандай қызы шешінбеген. Видеосы шыққан соң жазылған адамдардың барлығы -өзі сияқты санасы төмендер", - деді ол.

Сондай-ақ, Бердах жалаңаш денесіне ұлттық нақыштағы бұйымдарды тағып алған

"Сіздің қандай ақыңыз бар? Кешегі әжелерімнен қалған, Зере мен Айғанымнан қалған әшекейлерді тағып алып, төсіңді көрсетесің. Алда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні келе жатыр. Ләззат пен Сәбира не үшін алаңға шықты? Қайрат не үшін шықты? Сол Ләззат пен Сәбираны қорғаймын деп шықты. Ертең сіздің басыңызға күн туатын болса, қазақтың қай еркегі барады? Себебі, сіз етегіңізді ашып жүрдіңіз. Төсіңізді жұртқа көрсеттіңіз. Еркек бұзылса, жанұя бұзылады ал әйел бұзылса, ұлт бұзылады", - деді Бердах.

Қазақ жігітінің бұл сөзіне Шырынның айтар жауабы да дайын тұрған екен

"Сіз менің дәл қазақ жігітіне тұрмысқа шығатынымды қайдан білесіз? Сіз менің болашағымды көрдіңіз бе , әлде болжап отырсыз ба?", - деді Нарчаева.

Айта кетерлігі, желідегі оқырмандарының санын күн санап арттырып келе жатқан ару 1986 жылы болған оқиға туралы ештеңе білмейтін болып шықты.

Ол "1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері елімізде не болды?" деген сұраққа "Тәуелсіздік күні", "Мемлекетіміздің күні", - деп жауап берді.

Артынша қазақ тілін түсінбейтінін алға тартқан бойжеткен орыс тілінде қойылған сұраққа да сол жауаптарды қайтарды.

Тағы да оқыңыздар