Мемлекет басшылары 10 жылда қалай өзгерді және немен айналысты? (фото)

Желіде #10YearChallenge жаңа челенджі үлкен танымалдылыққа ие болуда. Атақты адамдар, саясаттанушылар, танымал тұлғалар мен қарапайым желі қолданушылары 10 жыл бұрынғы және қазіргі суреттерін жарыса жүктеп жатыр. "Настоящее время" басылымы кеңес үкіметінің басшылары қазір және бұрын не істегенін, қалай өзгергенін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан

Кеңес елдерінің басшылары арасынан билікте ең көп отырғаны - Нұрсұлтан Назарбаев. Оның мемлекетті басқарғанына 29 жыл болған.

Елбасы 5 жыл сайын болатын сайлауда қатарынан жеңіске жетіп келеді.

Тоғыз жыл бұрын Назарбаевқа "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы» мәртебесі берілді.

Әзірбайжан

Ильхам Алиев 2003 жылы ел билігінің тізгінін ұстаған. Ол 1993 жылдан бері мемлекетті басқарған әкесі қайтыс болған соң президент мәртебесіне ие болды.

2018 жылы Ильхам Алиев сайлауда 84% дауыс жинап, жеңіп шыққан.

Беларусь

Александр Лукашенко 1994 жылы президент болып тағайындалғанға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия басшысы болған.

Осыдан соң Лукашенко барлық сайлауды жеңіп келеді. Халықаралық бақылаушылар да оның әділетті сайланғанын атап өтіпті.

Қырғызстан

Басылымның жазуынша, редакция Қырғызстанның қазіргі президентінің 10 жыл бұрынғы суретін таба алмаған.

Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы президент атанды.

Оған дейін премьер-министр қызметін атқарыпты.

Ресей

Владимир Путиннің төртінші мәрте билікке келуі 2018 жылы өткен сайлауды жеңіп шыққан соң басталды.

Путин Конституцияның бір адамға билікте екі мерзім отыруға тыйым салатынын түсіндірген.

10 жыл бұрын Путин премьер-министр қызметінде отырды.

Тәжікстан

Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері мемлекет басшысы қызметін атқаруда.

Оған үш жыл бұрын "Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - Ұлт Көшбасшысы" мәртебесі берілді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір