Украиналық әйел бірден бес баланы өмірге әкелген (фото)

Украинадағы Одесса қаласының тұрғыны Оксана Коблецкая мен күйеуі қыздарына іні, не қарындас күтіп жүрген. Алайда келіншек бірден бес баланы дүниеге әкелген деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Ол кезде Оксана 37 жаста болған. Бірден көпбалалы болатыны туралы жаңалық оған үстінен жай түскендкей әсер қалдырды.

"2016 жылдың 15 қаңтарында жоспарлы УДЗ-ге бардым. Экранға қарап отырған дәрігердің түрі өзгеріп кеткенде, қатты шошып кеттім. Ұрықтарды дауыстап санап, теңіз жағалауында үй сыйлау керегін айтқаны есімде қалыпты", - деп еске алды Оксана.

Дәрігер экраннан бес баланы көрді. Табиғи жолмен бірден бес баланы көтеру өте сирек кездесетін құбылыс. 55 миллион жүктіліктің біреуі ғана осындай болуы мүмкін.

"Мұның шынайы екенін қабылдау қиынға соқты. Бәрі түс сияқты көрінді. Дәрігерлер 900 грамға жетсін, ары қарай өсіріп аламыз деп мені жұбатқандары есімде. Тұнғыш қызым 3900 келі болып туылған, ал бұл жолы төрт есе аз болды", - деді Коболецкая.

30 апта үш күн болғанда УДЗ әр баланың салмағы 1200 грамға жеткенін көрсетті. Үш күннен кейін Денис, Дарья, Владислав, Александра және Давид есімді бес нәресте дүниеге келді.

"Балалар туғаннан кейінгі алғашқы айлар марафон сынды болды. Үш сағат сайын сүт сауу, жансақтау бөлімі, аурухана, кесер тілігінен кейінгі ауырсыну және бұрын-соңды болмаған қамқорлық", - деді көпбалалы ана.

Мемлекет көпбалалы анаға пәтер сыйға тартып, Украина президенті Петр Порошенко балаларды көруге келіпті.

Оксана күйеуімен ажырасып, қазір алты баланы анасының көмегімен асырап отыр.

Бірақ ол бұған мойымай, Instagram парақшасын жүргізіп, көпбалалы отбасының тұрмыс-тіршілігін қалай ұйымдастыру жайында пайдалы кеңестерімен бөліседі.

Оксананың сөзінше, алты баланың анасы болсаң, көшеде бәрі саған таңдана қарағанына үйрену керек. Бірақ ол өмірінің ешқашан іш пыстырмайтынына сенімді.

Пікір

Тағы да оқыңыздар