Ресейлік қақпашы тура ойын кезінде қайтыс болды (видео)

Ресейдің Новосибирск қаласында хоккей ойыны кезінде әуесқой команданың 55 жастағы қақпашысы қайтыс болды деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы жағдай "Родник" спорт кешінінде "Ударник" пен "Титаны" құрамалары арасындағы ойын кезде орын алған.

"Мұз үстінде қайтыс болды. Жедел жәрдем қызметкерлері спортшының көз жұмғанын растады. Осы оқиғаға байланысты сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесінде өлімнің себебі анықталады", - деді ведомство.

Тағы да оқыңыздар

Пікір