Иракта 25 жастағы әйел бірден 7 баланы дүниеге әкелді

Иракта 25 жастағы келіншек бірден жеті сәбиді өмірге әкелді. Әйел барлық нәрестені табиғи жолмен босанған деп хабарлайды "Риа Новостиге" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы Дияла провинциясы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен.

Баспасөз қызметінің директоры Фарис әл-Изауидің мәліметінше, алты қыз бен бір ұл табиғи жолмен дүниеге келген.

Ал Даяла провинциясындағы әл-Баттуль ауруханасының басшысы Иракта бұрын-соңды мұндай жағдайдың орын алмағанын айтуда.

Фарис әл-Изауидің мәліметінше, жеті нәресте мен жас ананың денсаулығы қалыпты деп бағалануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін украиналық әйелдің бірден бес баланы өмірге әкелгенін жазаған едік.

Тағы да оқыңыздар

Пікір