Астанада із-түзсіз кеткен 13 жастағы баланың денесі құдықтан табылды

Астанада 16 ақпан күні жоғалып кеткен он үш жасар Өмірхан Бақдәулет өлі күйінде үйінің қасындағы құдықтан табылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұған дейін, баланың мұз айдынына кетіп, үйіне оралмағаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

13 жасар баланың қазасы жайлы ақпарат Instagram желісіндегі astana_poiski_propavshih парақшасында жарияланған.

"Сенгің де келмейді екен, бірақ.. Үйінің қасындағы құдықтан табылған. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз" , - деп жазылған жазбаның астында.

Бұл ақпаратты ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті де растады.

"19 ақпан күні сағат 16:53-тен бастап Астанадағы Железнодорожный тұрғын алабында, аэромобильді жедел құтқару тобымен 16 ақпан күні жоғалып кеткен 2006 жылғы баланы іздестіру шаралары жүргізілген.
Оның нәтижесінде, сағат 23:40-та еріктілер құдықтан жоғалып кеткен баланың денесін тапты. Құтқарушылар оның денесін құдықтан шығарып алды. Баланың өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр" , - деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Пікір

Тағы да оқыңыздар