БАҚ: Иракта бір уақытта дүниеге келген жеті сәби шетінеп кетті

Ирактағы Дияла провинциясында 25 жастағы әйел бірден дүниеге әкелген жеті бала шетінеп кеткен. Бұл туралы РИА Новости-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Күні кеше Ирак азаматшасының бірден жеті баланы дүниеге әкелгені хабарланған болатын.

Бір сәтте алты қыз бен бір ұл туылған аурухананың директоры бұрын-соңды бұндай оқиға болмағанын айтқан еді.

Алайда, енді бұл жеті нәрестенің шетінеп кеткені жайлы ақпарат таралды.

Тағы да оқыңыздар

Пікір