Допингпен ұсталған спортшылар мемлекеттік сыйақыдан айырылуы мүмкін

Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде спорттағы допингпен күрес мәселесіне қатысты кеңейтілген бірлескен отырыс өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен өткен жиынға комитет басшылығы, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, қазақстандық допингке қарсы орталық директоры Майра Бақашева, ұлттық құрама команда басшылары, федерациялардың допинг бойынша жауапты тұлғалары және штаттағы дәрігерлер қатысты.

Жиында допинг мәселесіне қатысты сұрақтар талқыланды. Оның ішінде, тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолдануға түбегейлі қарсылық таныту бағыты айтылды.

Одан бөлек, отырыста допинг қолданған спортшыға халықаралық деңгейдегі ірі жеңістері үшін берілетін сыйақы, үй және басқа да жүлделерді қайтаруды міндеттейтін жаңа заң қаралу үстінде екені де мәлім болды.

Тағы да оқыңыздар

Пікір