Танымал реалити-шоудың салмағы 413 келі болған қатысушысы қайтыс болды

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны Шон Милликан 29 жасында көз жұмды. Оны әлем жұртшылығы "Мен 300 келімін" бағдарламасы арқылы таниды. Шон 2016 жылы реалити-шоуға алғаш барған уақытында 413 келі болып, 180 келідей салмақ тастаған деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Суыт хабарды Шонның әкесі Facebook парақшасында жариялаған.

"Ол дұрыс демала алмайтын болды. Дәрігерлер оны аурухаға жатқызды. Бірақ Шонның жүреге тоқтап қалды", - деді әкесі.

Шон бала кезінен артық салмақпен күрескен.

Ата-анасының ажырасуынан оның жағдайы қиындай түсіпті.

Көп салмақ қосып, өз бетімен жарты минут тура алатын жағдайға жеткеннен кейін, жігіт бағдарламаға қатысуға ниет білдірген көрінеді.

Бір жыл бұрын Шонның анасы қайтыс болған. Бірақ қайғыға сынбай, салмақтан арылу үшін күресе беріпті.

Тағы да оқыңыздар

Пікір