Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, бір әулеттің төрт адамы қаза тапты

Жамбыл облысының Байзақ ауданында жантүршігерлік көлік апатынан бір-біріне туыс төрт адам қайтыс болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Қайғылы оқиға Байзақ ауданы Көктал ауылы маңында болған.

Қатты жүйіткіген «Ниссан Максиманың» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі «Ауди-80» көлігін бүйіріне соғылған.

Соққыдан көлік жолдан шығып кетіп, талға соғылған.

Оқиға орнында 30 жас шамасындағы ерлі-зайыпты, 70 жастағы ақсақал және 20 жастағы жігіт көз жұмды.

Ал "Ниссан" көлігі түк қалмай өртеніп кеткен. Оның жүргізушісі ауыр халде ауруханада жатыр.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Егер оқиғаны көрген куәгерлері болса, хабарласуды сұрайды.

Дереккөз: КТК арнасы

Тағы да оқыңыздар

Пікір