Соңғы сән үлгісімен киінген Ернар Айдар қызу талқыға түсті (фото)

Ерекше стильде киінген Ернар Айдарды көпшілік сынға алуда. Желі қолданушылары әншінің қысқа бойына мұндай киімдердің жараспайтынын жарыса жазған деп жазады NUR.KZ.

Әнші суретін Instagram парақшасында жариялаған.

"Суретке көп түсу емес, күтіп отырған xалықтың көңіліне дөп түсу маңызды", - деген әнші желідегілердің көңілінен шықпады.

"Мына киім стилі жараспайды", "Бұлай киінбеңізші", "Бойыңыз қысқа ғой. Сізге мұндай жараспайды", "Ақша бар деп, не болса соны кие бермеңізші", "Әр адамға жарасатын киім болады ғой өзі".

"Жыртық джинсы киіп алыпсыз", "Отбасылы адамсыз. Киіміңізге ештеңе айта алмаймын. Бірақ өнеріңізді бағалаймын", "91 тобына еліктей бастағансыз ба?", "Талғам болу керек қой адамда", "Кемшілікті көріп тұрғасын, айту керек", "Бұл жолы халықтың көңіліне дөп түсе алмадың".

"Ернар, сенің болмысың қазақи ғой. Соны жоғалтпа", "Сізге қарапайым киінген жарасады" деп пікір білдірген желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдардың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Тағы да оқыңыздар

Пікір