"25 мың доллар": Ләйлә Сұлтанқызы ұлдары ең қымбат мектепте оқитынын мойындады

Ләйлә Сұлтанқызы "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбаты барысында өзіне қатысты бірқатар тың мәліметтерді ашты. Танымал тележүргізуші тіпті балаларының оқуына 25 мың АҚШ долларын жұмсайтынын айтты деп жазады NUR.KZ.

Танымал тележүргізуші перзенттерін Астанадағаы ең қымбат мектепте оқитынын мәлімдеді. Ол білім ордасында бір балаға жылына шамамен 25 мың доллар кетеді.

Ләйлә Сұлтанқызының екі ұлы бар. Балақайлардың екеуі де мектеп білім алады.

"Балаларым ақылы мектепте оқиды. Айына төлемеймін. Бір жылына деп есептеледі. Миллионнан басталып, 25 мың долларға дейін кетеді. Ол Астанадағы ең қымбат мектеп. Ағылшындардың мектебі ғой" , - деді Сұлтанқызы.

Тағы да оқыңыздар

Пікір