Өзбекстанда шенеуніктерге ренжіген кәсіпкер тыр жалаңаш шешініп тастады

Өзбекстанның Әндіжан облысы Асака қаласында тұратын жеке кәсіпкер тыр жалаңаш күйі тас жолға жатып алды. Төлем қабылдау терминалының иесі қала билігінің құрылғыны алып тастау талабына наразылығын осылай білдірді деп хабарлайды centralasian.org.

Жергілікті кәсіпкер жалғыз ғана күнкөріс көзінен айрылып қалғысы келмегендіктен, наразылық акциясын өткізген.

"Сол күні Асака басшысы Хурсанд қажы кәсіпкерге терминалды алып тастайтынын айтқан. Бұл жігіттің дені сау. Ол осы әрекет арқылы билікке кәсіпкерді жалаңаш қалдыратынын білдіргісі келген", - деді оқиға куәгері.

Қала әкімдігінің айтуынша, төлем қабылдау терминалының қожайынына басқа кәсіпкерден шағым түскен.

"Сол көшедегі кәсіпкердің бірі қала басшылығына шағынданған. Себебі, төлем қабылдау құрылғысы оның дүкеніне кіретін жерді жауып тұр", - деді шенеунік.

Алдын-ала болжам бойынша, қала билігі төлем қабылдау терминалына тиіспейтін болды.

"Билік үркіп қалды, себебі мұндай жалаңаштану акциясы Өзбекстанда бірінші рет болуда. Жергілікті билік бұл мәліметтің президентке жетуінен қорқады, сонда көптеген адам қызметінен айрылуы ықтимал", - деді жергілікті шенеуніктің бірі.

Пікір

Тағы да оқыңыздар