Маман Наурыз көжеден уланып қалу қаупі бар екенін айтып, дабыл қақты

Әлеуметтік денсаулық сақтау департаментінің басқарушысы Садуәқас Байғабұлов балабақша мен мектептердегі "Наурыз мейрамы" іс-шарасына байланысты кеңес беріп уланудың алдын алу жолдары жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байғабұловтың сөзінше, жыл сайын "Наурыз" мерекесін тойлау кезінде ата-аналар мектептерге үй жағдайында жасалған тамақтар апарады. Олардың кейбірі санитарлық норманы сақтамайды немесе сақтауға байланысты қателіктерге бой алдырады екен.

Осы орайда департамент үй тағамын балабақша мен мектептерге әкелудің қажеті жоқ екенін атап өткен.

Айта кетерлігі, барлық білім мекемелерінде арнайы балалар тамақтана алатын орындар бар. Сол орындармен келісіп, ұлттық тағамдарды аз мөлшерде даярлауға болады.

2018 жылы Астана тұрғындарының арасында ішек жұқпалы ауруының 1230 жағдайы тіркелген.

Олардың 734-і 14 жасқа дейінгі балалар болып шыққан. 144 жағдайда ауруға үй жағдайында әзірленген тағамдар, 137 жуылмаған жеміс-жидектер, 84 жеке гигенаның сақталмағаны себепші болған.

Тағы да оқыңыздар

Пікір