Алматы облысында түрмеде төбелес шығып, бір адам мерт болды

Алматы облысында қауіпсіздігі жоғары мекемеде бір адам мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"17 наурыз күні Алматы облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Төбелес кезінде жазасын өтеушілердің бірі екіншісіне дене жарақатын салып, соның салдарынан жарақат алған адам мерт болды",-делінген хабарламада. 

Аталған оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.  

Тағы да оқыңыздар

Пікір