Ақбота Керімбекова үш бірдей күйеуінен неге ажырасып кеткенін ашып айтты

"Серпер" сыйлығының иегері, танымал әнші Ақбота Керімбекова не үшін үш рет тұрмысқа шыққанын айтып берді. Бұл туралы "Сенбілік таң" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әнші кез-келген адам бақытты болғысы келетінін жеткізді.

"Әр адам өз бақыты үшін күреседі. Бақытты болуды әркім әрқалай түсінеді. Аллаға мың да бір шүкір деймін, бақытты әйел және бақытты анамын деп есептеймін", - деді Керімбекова.

Ол еріккеннен үш рет тұрмысқа шықпағанын алға тартты.

"Еріккеннен екінші рет, үшінші рет тиейінші деген ойымда болған жоқ. Қасымда арқасүйер азаматым болса екен дедім. Әйел болғандықтан, кейде көліктің дөңгелегін ауыстыру керек. Жасымыз да келді, барған жеріңде қасыңда біреу отырса деген арманым болды.

Бұл орайда, анау солай істеді, мынау бүйтті деп айта алмаймын. Көруші де, білуші де бір - Алла. Қанша шындықты осы уақытқа дейін айтқаныммен, жасыра алмаймын. Бар болмысым осы", - деді әнші. 

Керімбекова өмірде және өнерде төрт рет те тұрмысқа шыққандар бар екенін ашып айтты.

Ол үш күйеуінен де "түсіне алмағандықтан" ажырасқанын жеткізді.

Ал жүргізуші әншінің әлі де жас екенін, өмірдің алда екенін тілге тиек етті.

Керімбекова бәрі уақыттың еншісінде екенін айтып, қысқа ғана жауап қайырды.

Тағы да оқыңыздар

Пікір