Астаналықтар Наурыз мерекесін дүркіретіп атап өтті (фото)

Астаналықтар наурыз мерекесін дүркіретіп атап өтуде. Қаланың əр ауданында мерекеге орай түрлі концерттік іс-шаралар ұйымдастырулыда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елорданың бас алаңы саналатын "Мəңгілік ел" монументі маңында ине шаншар орын жоқ.

Астаналықтар концерттік бағдарламаны тамашалау мақсатында алаңға лек-легімен ағып жатыр. Сондай-ақ, олардың арасында ұлттық ойындарда бақ сынап жатқандары да жетерлік.

Қала тұрғындарының бірі қазақ күресінен бағын сынап жатса, енді бірі арқан тартып, гір көтеруде.

Бас алаңда сонымен қатар ән айтылып, алтыбақан тебілуде.

"Қазақ елі" монументі жанында қаз-қатарынан қазақ үйлер тігілген.

Жалпы мерекелік шаралар бүгін күн соңына дейін жалғасады деп күтілуде. Наурыз мерекесіне орай, қазақстандықтар биыл бес күн бойы демалады.

Пікір

Тағы да оқыңыздар