Тоқаев үкіметке көктемгі су тасқынына дайындалуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында үкіметке су тасқынына дайындалуды тапсырғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үкімет пен әкімдерге тасқын болуы күтілетін аймақтарда нақты шара қолданып, халық мүддесіне зақым келмеуін қадағалауды тапсырдым", - деп жазды президент.

Еске сала кетейік, бүгін президент бюджет қызметкерлерінің жалақыларын көтеру мерзімін маусымға ауыстыруды тапсырған болатын.

Пікір

Тағы да оқыңыздар