Әлем чемпионатында қарсыласының аяғын конькимен тілген АҚШ спортшысы ұятқа қалды

Жапонияның Сайтам қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында жанжал шықты. АҚШ спортшысы кореялық мәнерлеп сырғанаушының аяғын конькидің жүзімен жаралады деп хабарлайды 5-tv.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

20 наурыз күні қысқа бағдарлама алдындағы жаттығу кезінде 22 жастағы АҚШ спортшысы Марайя Белл 16 жастағы кореялық Лим Ын Сумен соқтығысып, конькидің жүзімен оның аяғын жаралады.

Кейін Оңтүстік Корея штабының өкілдері АҚШ спортшысының мұны қасақана істегенін алға тартып, спортшының шеттетілгенін талап етті.

Конькишілердің халықаралық одағы жанжалды бейбіт тәсілмен шешуге шақырды.

Қысқа бағдарлама нәтижесіменг Лим Ын Су бесінші орын, ал Белл алтыншы орын алды. Осы жағдайдан кейін желі қолданушылары АҚШ спортшысына әлеуметтік желіде көп сын пікірлер қалдырған.

Пікір

Тағы да оқыңыздар