"Барыстың" ұтылғанын көрген астаналықтар жылап жіберді

Бүгін Астанада жергілікиі "Барыс" жəне ресейлік "Авангард" құрамалары ширек финал ойынын өткізді. Елордалықтар қарсыластарынан 3:5 есебімен ұтылдыдеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірінші кезеңде омбылық "Авангарды" 2:0 есебімен ұтып жатқан "Барыс", ойынның екінші кезеңінде қатарынан екі бірдей шайба жіберіп, есепті теңестіріп алды. "Авангард" болса басымдылық танытып, "Барыс" қақпасына тағы 3 шайба салып үлгерді.

Тек соңғы кезеңде ғана астаналықтар қарсыластарының қақпасына шайба соғып, есепті 3:5 есебіне жеткізді.

Осылайша астаналық "Барыс" құрлықтық хоккей лигасының ширек финалына шыға алмады. Қорытынды ойын омбылық "Авангардтың" пайдасына 3:5 есебімен аяқталды.

Ал астаналықтар болса, өз кезегінде, сүйікті командаларына жылы лебіздерін жаудырды.

"Көзімізге жас келіп тұр. Тамаша ойын көрсеткен, осы күнге дейін тек жеңіспен қуантқан "Барысқа" рахмет. Жарайсыңдар жігіттер, тек алға!",- деп əсерлерімен бөлісті жанкүйерлер.

Пікір

Тағы да оқыңыздар