RU

Доллар бағамы 384 теңгеге шарықтап кетті

Доллар бағамы 380 теңгеге көтерілді. Алып шаһарлардың ақша айырбастау орындарында доллар 384 теңгеден сатылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биржа сауда-саттығындағы таңғы және күндізгі сессиялар нәтижесі бойынша доллар бағамы 380,06 теңгеге тұрақтаған.

Осылайша ұлттық валюта 1,7 теңгеге арзандады.

Kurs.kz сайтының көрсеткіштеріне сәйкес, ақша айырбастау нүктелердің шетелдік валютаны 378-380,5 теңгеден сатып алуда.

Алайда долларды сатқан кездегі бағам әлдеқайда жоғары, 381-384 теңге аралығында сатылуда.

Тағы да оқыңыздар