RU

Маңғыстауда жазасын өтеушінің ішегінен скальпель шықты (фото)

Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері түрмеде жазасын өтеушінің 12 елі ішегінен скальпельді алып шықты деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 сәуір күні колониядан іші ауырды деген шағыммен ер адамды алып келген.

Хирургтар рентген түсірілімін жасап, науқастың асқазанынан темір заттың барын анықтаған.

Ол эндоскопия және функционалдық диагностика бөліміне жіберілген.

Бөлім дәрігерлері операциясыз скальпельді алып шықты.

Дәрігерлердің сөзінше, скальпельдің ұштары скотчпен жабыстырылған.

Қазіргі уақытта ер адамның темірді қалай жұтқаны анықталуда.

Тағы да оқыңыздар