RU

Мектеп оқушысы "Атырау аруы - 2019" атанды

Автор:

"Атырау аруы — 2019" байқауының жеңімпазы анықталды. Атырау қаласының ең сұлу аруы 11 сынып оқушысы Асылжан Нұралина болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Хабарлама Instagram-дағы misskazakhstan_official байқауының ресми парақшасында жарияланды.

«Прикаспийская коммунаның» айтуынша, әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша, Атыраудың ең сұлу қызы "Мисс" титулын бала күнінен армандаған жас сәнқой Асылжан Нұралина иеленді.

Бойжеткен сұлулық байқауының қатысушысы атану үшін көп күш-жігер жұмсағанын айтты.

Ұзақ уақыт бойы бойжеткен бимен айналысқан және соның арқасында ол өзінің жеке хореографиялық тобын құрған.

Алайда Асылжан бимен айналысатын байқаудың жалғыз қатысушысы емес.

Фото: pricom.kz

Бес сағат бойы қатысушылар төрешілерге өз қабілеттері мен дарындарын паш етті.

Одан бөлек, байқау қатысушылары алдын ала дайындалған бейне-хабарламаларды көрсетті.

Аталған бейнероликтерде арулар өмірдегі қиындықтарды қалай жеңгендері туралы әңгімеледі.

Фото: pricom.kz

Байқаудың жеңімпазы Асылжан Нұралина сыйлыққа дизайнерлік көйлектер мен сұлулық салондарына арналған бір жылдық жазылым және Германияға жолдама ұтып алды.

Сұлулық байқауының вице-аруы Камила Баймұратова болды. Атыраудың II вице-аруы атағы Роза Майрановаға бұйырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде