RU

Шымкенттік дәрігерлер улы сұйықтық ішіп қойған бір жасар сәбиді аман алып қалды

Шымкентте көрші елден туыстарына қонаққа келген бір жасар бала жараны күйдіретін улы сұйықтық ішіп қойған. Нәресте ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік ақ халаттылар уланған сәбидің өмірі үшін күресіп, аман алып қалды.

Улы сұйықтық ішіп қойған кішкентай нәресте Өзбекстан елінің азаматы. Ата-анасы Шымкентке қонаққа қыдырып келіп, ойламаған жерден оқыс жағдайға тап болған.

"Сүйелді кетіретін "чистотетель" деген сұйықтықты дәріханадан сатып алғанбыз. Балам абайсызда ойнап жүріп, сұйықтықты ішіп қойды. Өзімнің зәрем қалмады. Уланып қалған баламды көргенде қайта көре алмаймын ба деп қорықтым. Баламды ажалдан аман алып қалған дәрігерлерге рақмет", - деді бүлдіршіннің анасы Сарбиназ Аронова.

Дәрігерлердің айтуынша, дәрілік сұйықтық баланың ауыз қуысын күйдіріп, ішкі ағазасын улап жіберген.

Жедел реанимациялық көмектің арқасында нәрестенің жағдайы жақсарып, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

Қазіргі уақытта уланып қалған балақай анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер бүлдіршінді әлі үш-төрт күн қадағалап, жағдайын бақыламақ. Олар ауыз қуысы күйіп қалған бір жасар бала ешқандай кедергісіз

Тағы да оқыңыздар