RU

Рим папасы соғысты тоқтатуды сұрап, Судан басшысының аяғына жығылды

Ватиканда Рим папасы Франциск оңтүстік Суданның басшыларымен кездесу өткізді деп хабарлайды kp.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Рим папасы мен оңтүстік Судан басшыларының кездесуі әлем жұртшылығын аузына қаратты.

Айта кетейік, 2013 жылы африкалық мемлекетте этникалық топтар арасында қақтығыс орын алып, он мыңдаған адам қаза тапты.

Оңтүстік Суданның қазіргі президенті Салва Киир және мемлекеттің төрт вице-президенті Рим папасының шақыртуымен Ватиканға келген.

Франциск африка елі басшылармен тілдесіп болғаннан кейін, тізерлеп отырып, олардың аяғын сүйді.

Осы әрекеті арқылы Рим папасы оңтүстік Судандағы соғысты бейбітшілік жолымен реттеуге шақырды.

"Құдай "өз халқына жол көрсетсін" деп бізге, саяси және діни көшбасшыларға ерекше міндетті жүктеді. Сондықтан мойнымыздағы жауапкершілік жоғары. Ертең бізден "халықтың игілігі мен бейбіт өмірі үшін не істедіңдер" деп сұрайды", - деді Франциск.

Оңтүстік Судан басшылары Рим папасына мамыр айында бейбіт жолмен үкіметті құруға сөз берді.

Тағы да оқыңыздар