RU

Канадада уағыз айтылып жатқанда ер адам шіркеуге оқ жаудырды

Канаданың Сэлмон-Арм қаласындағы шіркеуде белгісіз ер адам оқ жаудырған. Салдарынан оқиға орнында бір адам көз жұмып, бір адам жараланған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай Христ шіркеуінде уағыз айтылып жатқанда болған. Ер адам шіркеуге баса көктеп кіріп, екі адамға оқ атқан.

Біреуі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқ атқан адамды тұтқындады. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан, оның есімі жарияланбады.

Алдын ала ақпарат бойынша, құқық қорғаушылар бұл оқиғаны діни себеппен байланыстырмай отыр.

Тағы да оқыңыздар