Францияда Париж Құдай анасы шіркеуі өртеніп кетті (фото, видео)

Францияда Париж Құдай анасы шіркеуі отқа оранды. Тарихи ғимаратты шарпыған жалынның видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өрт сөндіру қызметкерлері тарихи Нотр-Дам-де-Пари ескерткішіндегі өртті сөндірген.

Отпен бірнеше уақыт алысқан соң оны толықтай өшіру мүмкін болған.

Оқиға орнында түсірілген суреттер мен видеолардан шіркеудегі қалың түтінді байқауға болады. Кадрларға сәйкес, ғимараттың бір бөлігінің жоғары жағы отқа ораныпты.

Өрттің себебі тарихи ескерткіш аумағында болған қалпына келтіру жұмыстары болуы мүмкін.

Қазір прокуратура өрт фактісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Шіркеу ғимаратында жұмыс істеген құрылысшылардан жауап алынды.

Тағы да оқыңыздар