RU

Франциялық миллиардердің жанұясы Нотр-Дамды жөндеуге 100 млн еуро бөлмек

Франциялық миллиардердің жанұясы күні кеше өртеніп кеткен Париж құдай анасы шіркеуін қалыпқа келтіру жұмыстарына 100 млн еуро бөлмек деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мұндай соманы тарихи ескерткішті қайта жаңартуға француз кәсіпкерлер жанұясы-Пино миллиардерлері бөлуге дайын.

Кәсіпкер Франсуа-Анри Пино журналистерге әкесі Франсуа Пиномен бірге Artemis компаниясының қорынан 100 млн еуро қайырымдылыққа дайын екенін хабарлады.

Кәсіпкерлер Gucci, Yves Saint Laurent және басқа да бірнеше киімдер брендіне ие.

Айта кетейік, Паржи Құдай анасы шіркеуіндегі өрт кеше орын алған.

Өрт туралы хабарланғаннан кейін тарихи ескерткішті қалпына келтіруге жұмсалатын қаражатты жинау туралы ақпарат жарияланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары