RU

"Селфи жасаймын": Бойжеткен биік мұнарадан құлап көз жұмды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында суретке түспек болған 22 жастағы студент Сидни Монфрис мұнарадан құлап қаза тапты деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Фордем университетінің 12 метрлік мұнарасында орын алған.

Сидни Монфис оқу бітірер алдында естелік суретке түспек болыпты.

Бойжеткен мұнараның ең биік басына жетіп, құлап кеткен.

Құтқарушылар қызды тар мұнараның ішінен әзер алып шыққанын жеткізген.

Сидни Монфис ауруханаға жеткізілгеннен соң көз жұмған.

Айта кетейік, қаза тапқан бойжеткен журналистика факультетінде білім алып, InStyle басылымынан тәжірибеден өтіп жүрген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары