RU

АҚШ-та белгісіз адам бір топ адамды қасақана қағып өткен

АҚШ-тың Филадельфия қаласында белгісіз адам қасақана бір топ адамды қағып, алты адам жарақат алды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицейлердің пайымдауынша, белгісіз ер адам жанжалдан кейін көлігімен бір топ адамды қасақана қаққан.

Оқиға салдарынан 17 мен 42 жас аралығындағы үш әйел мен үш ер адам түрлі жарақат алған.

Жапа шеккендер ауруханаға жеткізілді. Бір адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Куәгерлердің сөзінше, көлік қаққанға дейін төбелес болған. 44 жастағы жүргізуші сол себепті топты қағуы мүмкін.

Күдікті тұтқындалды, ол да қазір ауруханада жатыр. Полиция ақпаратынша, ол адамдарды қаққаннан кейін куәгерлер оны соққыға жыққан.

Оның аты-жөні айтылмай отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары