RU

Венесуэлада бір мезетте 60 тұтқын түрмеден қашып кетті

Венесуэланың Нуэва-Эспарта штатында 60 тұтқын күзет қызметкерлеріне шабуыл жасап, қашып кеткен деп хабарлайды Ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Noticias басылымының мәліметінше, екі түрме қызметкері жарақат алып, ал тұтқындардың бірі көз жұмған.

Алдын ала ақпараттарға сәйкес, қашқындар күзетілетін ғимараттан қару алып үлгерген.

Қазіргі уақытта қашып кеткен қылмыскерлер іздестірілуде.

Тағы да оқыңыздар