Арқалық-Торғай тас жолындағы апатта екі жасар қыздың қолы жұлынып кетті

Арқалық-Торғай тас жолында көлік апаты болып, екі жасар қыз зардап шекті деп хабарлайды ТоболИнфо ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол көлік оқиғасы 13 сәуір күні болған. Алдын ала ақпарат бойынша, шетелдік көлік жүргізушісі бақылаудан айырылып, көлік жыраға аударылып құлаған.

Апат кезінде екі жасар қыз бала зардап шекті. Баланың қолы жұлынып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз бала шұғыл түрде санавиация көмегімен ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер сол жақ қолын білек буынына дейін кесуге мәжбүр болды.

Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Тағы да оқыңыздар

Пікір