Таңғажайып жағдай: Келіншек егіз қыздың сыңарын 97 күннен соң туды

Кельн қаласының тұрғыны - Оксана есімді әйел егіздерді 97 күндік айырмашылықпен дүниеге әкелді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әйел адам егіздерге аяғы ауыр болып, жүктіліктің алтыншы айында жүрген.

2018 жылдың 17 қарашасында келіншектің суы кетіп, дәрігерлер кесір тілігін жасауға мәжбүр болыпты. Жаңа туған Лиана есімді сәбидің салмағы небәрі 900 граммды құраған.

Дәрігерлер екінші сәби тиісті мерзімде туылу үшін оны анасының ішінен шығармауды ұйғарыпты.

"Бұл екінші жолдастың арқасында мүмкін болды. Біз баланың толық дамуына мүмкіндік бердік", - деді босану бөлімінің бас дәрігері Уве Шелленбергер

22 ақпан күні дүниеге Леони есімді екінші қыз келді. Оның салмағы 3,7 киллограмды құрады.

Босанғаннан кейін Оксана бірнеше апта дәрігерлердің қарауында болып, содан соң үйіне шығарылды.

Клиниканың мәліметінше, егіздер әлемдік рекорд орнатқан.

"Біздің зерттеуіміз бойынша бұған дейін 2012 жылы Ирландияда арасы 87 күнді құраған егіздер дүниеге келген", - деп хабарлады Шелленберг.

Тағы да оқыңыздар

Пікір