Мьянма әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (фото)

Бангладештік Biman Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы Мьянмадағы Янгон әуежайында апатқа ұшырады деп ақпарат таратуда жергілікті БАҚ өкілдері. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әуекомпания лайнердің жерге қатты қонғанын мәлімдеген.

Biman Airlines өкілі ұшақтың қону жолағынан шығып кетуіне қолайсыз ауа райы себеп болғанын алға тартты.

Апат салдарынан әуе кемесінің үшке бөлініп қалғаны айтылды.

Сонымен бірге, жерге құлап түскен ұшақтың бортында 28 адам болғаны хабарланды.

БАҚ мәліметінше, 15 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Олардың өміріне аса қауіп төніп тұрған жоқ екен.

Тағы да оқыңыздар

Пікір