RU

Эйфель мұнарасы белгісіз азаматтың әрекетіне бола жабылды

Парижді әлемге танытқан басты көрікті жерлердің бірі - Эйфель мұнарасы белгісіз азаматтың қатысуымен болған жағдайға бола жабылды. Күдікті ер адам мұнараға өрмелеп шықпақ болған деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Париждегі басты ғимарат орналасқан аймақта жүрген туристерді эвакуациялауға тура келген.

Эйфель мұнарасының Twitter парақшасында оның жабылғаны туралы ақпарат жарияланды. Туристерге өздерінің жоспарын кейінге қалдыру туралы кеңес берілді.