19 қабаттан құлаған лифттің ішіндегі қыз ғажайыптың күшімен аман қалды

Қытайда 9 жасар қыз бұзылған лифтіге кіріп 19 қабаттан 1 қабатқа дейін "ұшып" түскен. Абырой болғанда аман қалып, тіпті, дене жарақаттарын алмады. Лифтідегі бақылау камерасынан алынған бейнежазба БАҚ пен әлеуметтік желілерге лезде тарап кетті деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 28 мамыр күні Шэньчжэнь провинциясының Гуандун қаласында орын алды.

Қыз сабақтан үйіне қайтып келе жатқан. 19 қабатқа келген кезде лифтідегі адам сыртқа шығып, оқушы қыз кабинада жалғыз қалып қойған.

Кенеттен лифті жоғары жылдамдықпен астыға құлай бастапты. Қыз саспастан есікті ашу үшін барлық батырмаларды баса бастаған. Алайда кабинадағы индикатор ештеңе көрсетпеді.

Лифті тек бірінші қабатқа ұшып түскенде ғана ашылды. Қыз есікті ашу үшін батырманы басып, кабинадан шыға алған.

Кейінірек оқушы бұлай әрекет етуді балаларға арналған төтенше жағдайларға қатысты курстардан үйренгенін айтты.

Жергілікті тұрғындар журналистерге дәл осындай жағдайдың мамыр айының орртасында болғанын айтты. Ол кезде лифті үзіліп 11 қабаттан 8 қабатқа құлап түскен. Ал ондағы адамдардар құтқарушыларды 20 минут күтіпті.

Қызбен болған оқиға жұртшылықтың назарын аударды. Жергілікті билік тергеу жұмыстарын бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттың өртке қарсы жүйесіндегі ақау оқиғаға түрткі болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар