RU

Доллар бағамы 384 теңгеге шарықтап кетті

Қазақстандық қор биржасының таңғы сессия нәтижелері бойынша шетелдік ақша бағамы 384 теңгеден бір-ақ шықты. Бұл туралы «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Спот нарықта доллардың орташа бағамы 384,06 теңге болды. Ал сауда мөлшері 105 600 мың доллар құрады.

Еуро бағамы 435,65 теңгені құрап, жалпы сауда көлемі 200 мың еуроны құрады.

Қытай юані 55,44 теңгеге жетіп, жалпы көлемі - 900 мың юаньді құрады.

kurs.kz мәліметтері бойынша, Алматыда ақша айырбастау орындарында доллар 385-386 теңгеден сатылуда.

Тағы да оқыңыздар