Арыстағы әскери қоймада жарылыс болды (видео)

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімдегі қоймада жарылыс болғаны туралы хабар түсті. Бұл туралы ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдай таңғы 09:20-да болған. Жарылыс қаладағы әскери бөлімдегі қоймада орын алған. Жарылыстан соң өрт шыққан.

"Оқиға орнына Түркістан облысының ТЖК жеке құрамының 30 қызметкері және 87 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілдері.

Тағы да оқыңыздар