Атамбаев Қырғызстанның экс-президенті атағынан айырылды

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан Республикасының экс-президенті атағынан айырылды. Сондай-ақ, ол автоматты түрде дербес құқықтылыққа да ие емес болып табылады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұндай шешімге Жогорку Кенеш депутаттары дауыс беру арқылы келді.

Экс-президент статусынан айыру үшін 103 депутат дауыс берген.

6 адам бұл шешіммен келіспейтіндерін білдірді.

Тағы да оқыңыздар