RU

Денесі ірі қарға желі қолданушыларының зәресін ұшырды

Әлеуметтік желіде өте оғаш көрінетін денелі қарғаның видеосы жылдам тарауда. Видео тоғыз миллионнан аса қаралым жинаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видео "Твиттердегі" keita_simpson парақшасында жарияланды. Роликтен қанаттарына сүйеніп тұрған қарғаны көруге болады.

Ол денелі, шымыр қолды, аяқсыз мақұлыққа ұқсайды.

Желі қолданушыларда видеоға қатысты көп сұрақ туындаған. Олар мұның рас, өтірігін сұраған. Кейбіреулер оны Халк немесе гориллаға теңеген.

Жұрттың алаңдаушылығын орнитолог Кейли Свифт басты. Оның сөзінше, бұл алып тұмсықты қарға. Оның басы денесіне қарағанда үлкен екен.

Орнитологтың айтуынша, құстар осылай күнге қыздырынып, демалады екен. Маман тіпті сурет салып көрсеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары