RU

Лондоннан Нұр-Сұлтанға ұшқан Air Astana ұшағы шұғыл түрде Мәскеуге қонды

Air Astana әуе компаниясының ұшағы Шереметьево әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ Ұлыбритания астанасынан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

КС 942 рейсі Мәскеуге ҚКҚ (қосалқы күш қондырғысы) істен шығып, екі генератордың біреуі істемеген соң қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ Ресей астанасына Нұр-Сұлтан уақытымен 03:15 қонды. Қону штаттық режимде өткені хабарланды.

Әуе тасымалдаушыға сілтеме жасаған басылым, бұл рейстің барлық жолаушылары Мәскеуден Нұр-Сұлтанға қосымша рейспен жұма күні 12:50 жеткізіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары