Головкинмен жекпе жегі үшін Деревянченко қанша сыйақы алады?

АҚШ инсайдері Лэнс Пагмайр IBF чемпионы анықталатын Головкинмен өтетін жекпе-жектен Деревянченко қандай сомада ақша алатынын айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазір қос боксшы арасында келіссөздер жүргізілуде.

Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық пен украиналық боксшы 5 қазан күні Нью-Йорктің Madison Square Garden кешенінде кездесуі мүмкін.

"Деревянченко Головкинмен өткен кездесуі үшін 5,5 млн доллар сыйақы алады деп күтілуде, бұл Golden Boy-дың Альвареспен жекпе-жегі үшін ұсынған сомасына жақын", - деді Пагмайр.

Сондай-ақ, Деревянченко GGG-мен өткізген кездесуі үшін 7 млн доллар алуы мүмкін деген ақпарат та бар.

Сергей бұған дейін Джейкобспен болған жекпе жегінде 500 мың доллар сыйақы алған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Пікір