Жеңіліп көрмеген боксшы Садриддин Ахмедов ерекше челлендж бастады

Қазақстандық 21 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) өзінің Instagram парақшасындағы оқырмандарына ерекше трюк көрсетіп, жаңа челлендж бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Челленджді жасау үшін алманы көкке лақтырып, оны пышақпен екіге бөлу керек. Садриддин өзінің жылдамдығы мен дәлдігін көрсететін видеосын Instagramға жүктеп, "Ал батыр ағаларым, достарым мықты болсаңыздар қайталаңыздар", - деп жазба қалдырды.

Садриддин Ахмедов WBC жастар арасындағы титулының, бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуінің иегері.

Айта кетейік, жеңіліс көрмеген боксшы жақында "Кешью" тобының экс-солисті Ақбота Құрманғалимен шаңырақ көтерген болатын.

Тағы да оқыңыздар

Пікір